25.11.2024, 12:39 2701

Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады

Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдарды соттардың қарауы мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен.

Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Құспан, Республикалық адвокаттар алқасының (РАА) төрағасы А.Бикебаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Г.Бижанова, сондай-ақ Бас прокуратураның, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және РАА өкілдері қатысты.

Қатысушылар соттардың қамауға алуға санкция беруден бас тартуының үлестік пайызы жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті.

Егер 2021 жылы соттар қамауға алу туралы өтінішхаттардың 90%-ға жуығын қанағаттандырса, 2024 жылы - тек 75%-ын ғана қанағаттандырған.

Сонымен бірге, қамауға алудан бас тарта отырып, соттар үйқамақ пен кепілге алуды жиі қолдана бастады.

2021 жылмен салыстырғанда үйқамағын таңдау 860-тан 1911-ға дейін немесе екі еседен астамға, ал кепілге алу - 4 есеге (59-дан 214-ке дейін) өсті.

Биыл Жоғарғы Соттың бастамасымен электронды білезік деп аталатындарды қолдану жобасы қолға алынды.

2024 жылы электронды бақылау құралдары үйқамаққа алынғандардың 60 пайызында қолданылған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 3 пайыздан аспаған.

Биылғы жылдың 10 айында ғана соттар тарапынан 505 электронды білезік қолданылды.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырудың өзекті мәселелері де атап өтілді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша аталған институттарды қолдану практикасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны