17.04.2024, 12:07 28451

Қазақстанда сырттан әкелінген тырысқақ ауруының ошағы жойылды

Қазақстанда сырттан әкелінген тырысқақ ауруының ошағы жойылды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген әкелінген тырысқақ жағдайы ошағының сәтті жойылғандығы туралы хабарлайды, деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды.

Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті.

Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапар шегуді жоспарлап отырған адамдарға ұсыным беру маңызды.

Денсаулық сақтау министрлігі қатаң кеңес береді:

- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

- Сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

- Тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;

- Жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу.

- Қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;

- Судың аузға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу.

- Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауды жалғастыруда және ел тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Біз азаматтарды саяхат кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Денсаулықты сақтаңыздар, мұқият болыңыз және медициналық мамандардың ұсынымдарын орындаңыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны