11.05.2022, 17:14 38461

Қазақстанда тағы бір фармацевтикалық зауыт салынады

Қазақстанда тағы бір фармацевтикалық зауыт салынады
Сурет: ОКҚ
АНКАРА. 11 МАМЫР - Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Nobel Ilac фармацевтикалық компаниясының басшысы Хасан Улусамен жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Тараптар Қазақстанда фармацевтикалық зауыт салу туралы келісімге қол қойды.
 
Осы жылы фармацевтикалық өнімді шығару бойынша "Нобел АФФ" АҚ бірлескен қазақстандық зауытының құрылғанына тура 20 жыл толады.
 

Nobel Ilac компаниясы қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, сондай-ақ Алматы қаласында саше және жоғары технологиялық биосимилярлар нысанындағы препараттар өндірісі жолға қойылатын екінші фармацевтикалық зауыт салуға қосымша 55 млн.доллар инвестициялауды жоспарлап отыр", - деп атап өтті ведомствода.

 
Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ және ТЭН әзірлеу жүзеге асырылуда, оларды 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқтау және 2025 жылғы желтоқсанда толық аяқтай отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға кірісу жоспарлануда.
 

Аталған кәсіпорын бірегей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамытуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ғиният.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны