Қазақстанда телефон алаяқтарымен күресу үшін жалған нөмірлері бұғатталады
Сонымен қатар, Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда.
Өкінішке орай, елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбеюде. Мәселен, 2016 жылы - 1 мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы - 21 мыңға дейін өскен. Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады", - деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда.
Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді", - деп нақтылады министр.
Сондай-ақ, біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынамыз, өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта, оның шыныменде банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады", - деп түсіндірді ЦДИАӨМ басшысы.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешу тұрғысында өз ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, алаяқтарға және олардың айла-амалдарына қатысты барлық мәліметтер енгізілетін арнайы платформа құру туралы да айтылды.
Біз ұсынған бастамалар проблеманы түбегейлі жоймайтынын атап өткім келеді, бұл - мәселені шешудің бір ғана бөлігі. Сондықтан технологиялық тұрғыдан басқа, арнайы жобалар арқылы халықтың қаржылық және заңдық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Интернет алаяқтық мәселесін тиімді шешу бағытында көптеген идеялар мен тың ұсыныстар айтылды. Енді олардың барлығын бірлесе іске асырумыз қажет", - деп түйіндеді министр.
Бұған дейін Қаржы нарығын дамыту агенттігінде алаяқтар туралы ескерткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.