05.07.2021, 20:44 10708

Қазақстандағы мерекелік күндер тізіміне Мал өсірушілер күні енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: "14-1. Мал өсірушілер күні - маусымның екінші жексенбісі", - делінген құжатта.

 
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны