05.04.2023, 18:10 55496

Қазақстанда жылу энергетикасы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге ниетті

Қазақстанда жылу энергетикасы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге ниетті
Сурет: Deposiphotos
"Жылу энергетикасы туралы" заңның негізгі аспектісі жаңа құрал - жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізу болып табылады

Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы Мәжілісте "Жылу энергетикасы туралы" жаңа заң жобасын таныстырған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
 

Дамуды жоспарлау тетіктерін жетілдіру, өндірістік процестің барлық кезеңдерінде энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру, қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жабу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету және жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту есебінен саланы реформалауды жүзеге асыру жоспарлануда", - деді министр.

 
Оның атап өтуінше, заң жобасында барлық саланы мониторингілеу және бақылау жөніндегі нормалар көзделген. Бұл одан әрі дамыту үшін қажетті іс-шараларды әзірлеу мақсатында сала туралы толық ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 

Сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану жөніндегі барлық қажетті техникалық нормалар мен стандарттарды, тұтыну нормаларын, жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын отынның сапасын коммерциялық есепке алу қағидаларын әзірлеу қамтамасыз етіледі", - деді Алмасадам Сәтқалиев.


Естеріңізге сала кетейік, президент электр энергетикасы мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді жедел қабылдауды тапсырған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны