03.04.2025, 16:28 82816
Түркістан облысының Созақ ауданына 1,3 млрд текше метр су жіберілді
2024 жылдың қыркүйек айынан бері Тасөткел су қоймасынан Созақ ауданына 1,3 млрд текше метр су жіберілді. 27 наурызда Шу өзенінің суы Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округіне жетті. Қазіргі таңда су аудан шекарасынан 80 шақырым ішке қарай таралып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін тағы 44 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Тасөткел су қоймасында 410 млн текше метрге жуық су бар.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойнша Жамбыл облысының "Қазсушар" филиалы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшылары Созақ ауданына барды. Тексеріс барысында Шу өзені арнасын өз бетінше бұру және заңсыз бөгет тұрғызу фактісі анықталған жоқ.
Барлық суармалы алқаптар және су пайдаланушылар су ресурстарының бөлінген көлемінде сумен қамтамасыз етілуде. Министрлік өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, халықты сумен қамту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Шу өзеңінің ағысын реттеу және бөгеттің бұзылуының алдын алу үшін Радай өзегінің басына су реттегіш құрылғы орнату туралы шешім қабылданды. Бұл құрылғы судың табиғи ағысын кезең-кезеңімен, қауіпсіз және тиімді басқаруға, суды Шу өзеңінің негізгі арнасымен жіберу және Созақ ауданына суды жеткізу уақытын азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта, жергілікті әкімдік жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр",- деді Талғат Ибраев Шу-Талас бассейндік инспекциясын басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.04.2025, 17:52 2101
Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды
Астанада рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмысы қызу жүріп жатыр. Қаланың әр ауданында заң бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінен.
Стихиялық полигондармен күрес тек жою арқылы ғана емес, сонымен бірге күшейтілген бақылау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту арқылы да жүзеге асырылады. Қалада мобильді топтар мен бұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істейді.
2025 жылдың басынан бері Байқоңыр ауданында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, тазартылды, ол орындардан 230 тонна қоқыс шығарылды. Сарыарқа ауданында да осы жылдың алғашқы айларында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 6-ауы жойылды. Жұмыс барысында 115 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ауа райы жылынған уақыттан бастап Есіл ауданында 2000 тонна қоқыс шығарылды.
Сарайшық ауданында сәуір айының соңына дейін 4 учаскені жою жоспарланған. Мысалы, аталмыш ауданда дрон көмегімен заңбұзушылық анықталды. Лас суды төгу сәті дрон көмегімен анықталды, бұл кейіннен мәліметтер (техниканың мемлекеттік нөмірі) одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аудан әкімдігі мен экологиялық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында заңбұзушы 20 минут ішінде анықталды. Айта кету керек, арнайы техниканың жүргізушісі лас суды төккені және қоршаған ортаны ластағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылды. Жүргізушіге 145 484 теңге айыппұл салынды. Техника айып тұрағына қойылды.
2025 жылы Нұра ауданында 4 орыннан 57 тонна қоқыс шығарылды. Мердігер ұйымдардың күштері Тұран, Ұлы дала даңғылдарының және Ш.Айтматов көшелерінің бойындағы учаскелерге жұмылдырылды. Қалалық сенбіліктер кезінде рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына құрылыс компанияларын тарту жоспарланып отыр. Жүргізілген мониторинг барысында Алматы ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған жоқ.
Бұдан басқа, коммуналдық қалдықтарды анықтау үшін цифрлық картаны енгізу және қоқысты шығару маршруттарын оңтайландыру үшін жасанды интеллектті пайдалану жоспарланып отыр. Бұл қоқыстардың шығарылуын бақылауға және полигондардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 13 наурызында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 344-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес белгіленбеген орындарда қоқыс тастағаны үшін жаза күшейтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 16:43 2371
Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды
Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады.
Сондай-ақ порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады.
Әлеуметтанулық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сұрақнамадан өту мүмкіндігі көзделген.
Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.
Сондай-ақ мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықты жүйсіну индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді.
Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында, бұл ресурста "Сыбайлас жемқорлық картограммасы" қамтылған, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізімі және мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қамтылған.
Жұмыс жасап жүрген волонтерлер мен ұйымдар туралы ақпарат беретін волонтерлік қызметке арналған бөлім сондай-ақ Порталдың маңызды элементі болып табылады.
Ниет білдірушілер ерікті ретінде кандидатураны қарау үшін сауалнама жолдай алады.
Осымен қатар, Порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, лайықты мінез-құлықты тәрбиелеуге және қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер орналастырылған.
Бұл ресурста сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар.
Агенттік барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы порталға кіруге шақырады. Ол тұрақты түрде өзекті ақпаратпен толықтырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 16:40 2586
Алатау ауданында 119 СЕСН бұзылды
Алматының Алатау ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары қарқын алды. Өз бетінше орнатылған СЕСН-дерді жою науқаны Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қолға алынған, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Алатау ауданында 119 заңсыз СЕСН мен 40 күш өлшеу құрылғысы бұзылды. Атап айтқанда, соңғы күндері Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағын аудандарында заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды.
Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдайды. "Енді ауламыз кеңейіп, таза болып қалды, бұрын бұл дүңгіршектер ретсіздік тудырып, жүріп-тұруға кедергі келтіретін", - дейді Саялы шағын ауданының тұрғыны.
Қаланың заңсыз нысандардан ауқымды түрде тазартылуы Алматының сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 360 СЕСН мен 274 күш өлшеуіш алынып тасталды
Бұзу жұмыстары жалғасуда, ал қала әкімдігі кәсіпкерлерді сауда нысандарын орналастыру кезінде белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 10:03 3541
2025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен шамамен 5 млн қазақстандық қамтылған
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 4,9 млн жұмыскердің пайдасына 329,1 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы - 2,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5% - ға дейін жеткізіледі.
Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.
ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.
ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 09:51 3851
Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 706,7 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 465 мың адам.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 963 теңге, базалық зейнетақы - 47 659 теңге болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары - 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 09:39 4096
ІІМ жасөспірімдерді есірткінің заңсыз айналымына тартуға байланысты алаңдаушылық білдірді
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрметті азаматтар! ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткінің айналымына тарту фактілерінің жалғасуына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды.
Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар. Естеріңізге сала кетейік, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз!" - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 09:30 2836
Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы "Найза - терроризмге қарсы-2025" атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.04.2025, 17:18 74456
Астананың жедел жәрдем автопаркі 50-ге жуық көлікпен толықтырылды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жедел жәрдем қызметінің маңызы туралы жазды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жедел жәрдем қызметкерлері тұрғындарымызға алғаш болып медициналық көмек көрсетеді. Олардың жұмысы өте ауыр әрі жауапты. Дегенмен, тұрғындар тарапынан жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысына, әсіресе станцияның автопаркіне негізделген шағымдар түседі.
Мәселен, жедел жәрдем станциясының автопаркі 146 автокөліктен тұрады. Олардың бір бөлігі жөндеуді қажет етеді.
Биыл автокөлік санын арттыру үшін 47 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Олардың 27-сі қазірдің өзінде жеткізілді, тиісінше шақыртуларға шығуға дайын. Қалған бөлігі алдағы аптада жеткізіледі. Көліктердің бәрі шақыртуларға жылдам әрі тиімді көмек көрсететін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сол сияқты жақын арада қолда бар 20 көлік те жөндеуден өтеді.
Соңғы жылдары жедел жәрдем паркі 90 автокөлікпен жаңартылды. Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз.
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Біз медицина қызметкерлері мен науқастарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алдағы жылдары Астанада бірқатар денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде перинаталдық орталықтар, емханалар, көпбейінді ауруханалар, олардың бірі - балалар ауруханаларын салуды жоспарлап отырмыз", - деп жазды Астана әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.04.2025, 09:39ІІМ жасөспірімдерді есірткінің заңсыз айналымына тартуға байланысты алаңдаушылық білдірді 14.04.2025, 09:51 3816Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады14.04.2025, 10:03 35062025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен шамамен 5 млн қазақстандық қамтылған14.04.2025, 09:30 2801Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр14.04.2025, 16:40 2551Алатау ауданында 119 СЕСН бұзылды
10.04.2025, 18:03 100016Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері 520-дан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген10.04.2025, 17:06 99561Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды11.04.2025, 15:33 79906Біз қатаңдатпаймыз, тек ретке келтіреміз - Тоқаев жаңа салық саясаты туралы пікірін білдірді11.04.2025, 11:25 79281Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді11.04.2025, 14:58 78031АӨК саласындағы қызметтерге субсидия берудің бірыңғай терезесін құру жоспарлануда
20.03.2025, 18:41 126256ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты21.03.2025, 18:05 126206Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 17:49 124161Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 122461Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 121811Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті