07.02.2023, 10:11 20736

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға ұшып кетті

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға ұшып кетті
Сурет: gov.kz
Астана. 7 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

gov.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар. ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар. Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған", - деді баспасөз қызметінде.


gov.kz

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) хабарлауынша, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,6 баллдық жер сілкінісі болды.

Оның деректері бойынша, жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 03.13-те (Астана уақытымен 09.13) тіркелді.

gov.kz

Эпицентрі Гёльбашы ауданынан бес шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатты, деп хабарлайды РИА Новости.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны