20.12.2021, 18:07 88321

Қазақстандықтар ішкі тұрақты әуерейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады

Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында цифрлық құжаттар қызметі (eGov Mobile) енгізілді.
Қазақстандықтар ішкі тұрақты әуерейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады
Сурет: gurk.kz
НҰР-СҰЛТАН. 20 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстандықтар цифрлық жеке куәлікті ішкі тұрақты әуерейстерде пайдалана алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында цифрлық құжаттар қызметі (eGov Mobile) енгізілді. Осы қызметтің арқасында ішкі рейстердегі жолаушылар жеке мәліметтерін растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық куәлігін көрсетуге мүмкіндік алды.
 

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет", - деп нақтылады ведомствода.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны