Қазақстандықтарды әскерге шақыру ережесіне түзетулер қоғамдық талқылауға ұсынылды
Азаматтарды медициналық куәландыру тәртібіне және медициналық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу жоспарлануда.
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАЗАН - Қорғаныс министрлігі Үкімет қаулысының жобасын жария талқылау үшін орналастырды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға электронды құжат нысанында мерзімді әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытынды шығарылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеру кейінге қалдырылған немесе одан босатылған барлық азаматтардың жеке істері зерделеу үшін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына жолданады.
Құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушының есепке алу картасына аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды", - делінген құжатта.
Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды және босатуды ұсыну реті "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған және әскерге шақыру кезеңінде әскерге шақыру әскерге шақыру медициналық комиссияларына келмейтін әскерге шақырылушыларды іздестіруді ұйымдастыру және жүргізу мақсатында қорғаныс істері жөніндегі басқармалары (бөлімдері) және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери міндетті орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және олардың әскери есепке қоюға және әскери қызметке шақыруға байланысты іс-шараларға келуін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қызмет жоспарларын әзірлейді, бірлескен тұрақты жұмыс істейтін топтар құрады.
Іздестіру объектісі әскери қызметке жарамдылық дәрежесіне және әскери қызметке шақырудан босатуға немесе кейінге қалдыруға құқығының болуына қарамастан, әскерге шақыру жасындағы азамат болып табылады, өйткені бұл құқықтарды іске асыру туралы шешімді қолданыстағы заңнаманы басшылыққа ала отырып әскерге шақыру комиссиясы шығарады және әрбір шешім тиісті құжаттармен расталуы тиіс. Шақыру комиссиясының шешімі азаматтың жеке қатысуымен шығарылады", - делінген қаулы жобасында.
Бұдан басқа, азаматтарды медициналық куәландыру тәртібіне және медициналық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Түзетулердің толық мәтіні 18 қазанға дейін "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.