19.04.2024, 18:27 92686

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр

2023 жылы биометрия пилоттық жоба ретінде елордалық әуежайда енгізілді
Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда жүк авиатасымалдары саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында E-freight ақпараттық жүйесі сәттіенгізіліп, жұмыс істеп тұр. Аталған платформаға барлық әуе компаниялары мен әуежайлар қосылған.

Электрондық ресімдеу және жүктерді сүйемелдеу арқылы әуе жүк тасымалын ұйымдастыру кезіндегі уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды.

Жолаушылар тасымалы саласында электрондық билеттерді сатып алу, онлайн-брондау және цифрлық құжаттар қызметтерін пайдалану қалыпты құбылысқа айналды. Ендігі кезекте цифрландырудың келесі қадамы рейске отырғызукезінде жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру болуы тиіс. Бұл әуежайларда жолаушыларды отырғызу процесін бірнеше есе жеңілдетеді және тездетеді.

2023 жылы биометрия пилоттық жоба ретінде елордалық әуежайда енгізілді. Алдағы уақытта пилоттық жоба оң нәтижелерін көрсеткен болса,Қазақстанның барлық әуежайына енгізілетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны