03.11.2022, 16:52 43186
Қазақстанның үздік 50 ғалымы 6 миллион теңгеден алады - Ғылым министрлігі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды. Министрлікпен еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалатын болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 тенге) құрайды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Конкурстың мақсаты отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың, ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады", - деп хабарлады ведомствода.
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2022.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: 1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы; 2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы; 3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету; 4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.); 5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы; 6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту; 7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау; 8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері; 9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс", - деді министрлікте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.02.2025, 21:41 5536
Риддерде жылу жүйесін жаңарту және тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Өскемен. 23 февраля. KAZAKHSTAN TODAY - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласында болды. Ол жылу жүйесінің жұмысын тексеріп, су тасқынына дайындық барысымен танысты. Негізгі мәселелер - жылу желілерін жаңарту, қалалық инфрақұрылымның жағдайы және көктемгі су басудың алдын алу шаралары, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазір қалада екі негізгі жылу көзі бар: "Шығыс жылу" АҚ-ның Риддер ЖЭО филиалы және "Л-ТВК" ЖШС қазандығы. Оларды жаңғырту - биліктің басты міндеттерінің бірі.
Соңғы екі жылда ЖЭО аймақ балансына өткеннен кейін үлкен жұмыстар атқарылды: жабдықтар жаңартылып, 19 шақырым жылу желісі қалпына келтірілді. Бұл қала тұрғындарына жылу беру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нұрымбет Сақтағанов оң өзгерістерді атап өтті.
Нөлдік қабат ретке келтірілді. Қазір станция 11 мегаватт электр энергиясын өндіруде, жақын арада бұл көрсеткіш екі-үш есеге дейін артады. ЖЭО-ның ішкі резервтері экономикалық тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, біз компания басшылығымен бірлесе жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар кадр тапшылығы мәселесі шешілмек. Биыл республикада Жұмысшы мамандықтар жылы жарияланды, сондықтан энергетика және өнеркәсіп саласының мамандарына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Облыс ЖЭО-да жұмыс істеуге ниетті азаматтарды "Отбасы банк" арқылы баспанамен қамтамасыз етуге дайын. Қажет болған жағдайда жұмыс істеп жүрген мамандар қайта даярлаудан өтеді.
Л-ТВК" ЖШС қазандығы - қаланы жылу және сумен қамтамасыз ететін тағы бір маңызды нысан. Ол Қаражыра кенішінің көмірімен жұмыс істейді, қазіргі уақытта бес су жылыту қазандығы пайдаланылады. Алайда 2001 жылы құрылғанына қарамастан, кәсіпорынның қазіргі жағдайы мәз емес - оны күтіп ұстауға және жөндеуге қаражат жеткіліксіз.
Біз "Қазцинк" ЖШС және "Л-ТВК" басшылығымен қазандық пен су тарту нысанын жергілікті атқарушы органдар балансына беру туралы келісімге келдік. Бұл мәселе үшжақты келіссөздер барысында қаралып, оңтайлы шешім қабылданады. Қазіргі кезде жылу желілерінің жағдайы өте нашар, сондықтан оларды тез арада балансқа алып, қайта жаңғырту керек", - деп атап өтті облыс әкімі.
Сапар барысында су тасқынына дайындық мәселелері де талқыланды. Нұрымбет Сақтағанов "ЛКГЭС" ЖШС-ның мұз жіберу каналының тазалығын бақылауды және арықтар мен каналдардың, әсіресе Ботаника ықшам ауданындағы жағдайды қадағалауды тапсырды.
Риддерде жылу жүйесін жаңғырту және су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасады. Жергілікті билік жоспарланған барлық шаралардың орындалуын бақылауда ұстайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2025, 16:20 122836
Алматыда биыл жер сілкінісі қауіпсіздігіне қатысты 30 жаңа станция іске қосылмақ
Алматыда қазір жер сілкінісі туралы ерте ескерту беретін 28 станция жұмыс істейді
Достарға айту
Алматы сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін Қытаймен серіктестікті нығайтады деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға сапары барысында ҚХР-дың жер сілкіністері жөніндегі агенттігіне (China Earthquake Administration, CEA) барды. Алматы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан, қаланы дамыту бағдарламасының негізгі міндетінің бірі – сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту.
Сапар аясында Қазақстанның Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мен CEA Геофизика институты арасында келісімге қол қойылды. Құжат сейсмикалық мониторинг бойынша бірлескен жұмысты және жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйелерін біріктіруді көздейді. Бұл қазақстандық және қытайлық мамандарға нақты уақыт режимінде жедел дерек алмасуға мүмкіндік береді.
Алматыда қазір жер сілкінісі туралы ерте ескерту беретін 28 станция жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы 70 станция орнату жоспарланған. Биыл 30 жаңа станция іске қосылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 18:18 151051
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Өскемен. 17 февраля. KAZAKHSTAN TODAY - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен жиын өткізді, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
"Әріптестер, біз сіздермен көптен бері таныспыз. Бүгін мен берген ант - ол менің ғана емес, барлығымыздың ортақ антымыз деп қабылдаңыздар. Онда айтылған әрбір сөздің жауапкершілігін сезініңіздер. Халыққа адал қызмет ету деген ұғымның астарында терең мағына бар. Бірінші кезекте мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындауға көңіл бөлу маңызды. Осыған дейін жоспарланған жобалар іске асырылуы тиіс", - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Жиналыс барысында өңір басшысы шағын индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Ол жергілікті кәсіпкерлерге көңіл бөліп, қандай мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының бар екенін нақты түсіну қажет екенін айтты.
Сондай-ақ аймақ басшысы су тасқынына дайындық шараларына тоқталып өтті. Ол облыстағы ТЖ бойынша жедел штаб өз жұмысын жалғастыратынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 15:01 154721
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады.
Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.
Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 14:53 155156
Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды
Достарға айту
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаптауды қолданған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасынан.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.
2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.
Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.
Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 14:14 155391
Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды
Достарға айту
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа криминогендік жағдай және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық қақын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөнінде есеп берілді. Прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатты, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеді. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылды. Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталды.
Берік Асыловтың хабарлауынша, әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген.
Президентке былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтылды.
Экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілді. Прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеді. Инвестициялық жобаларға қолдау көрсету барысында "прокурорлық сүзгіні" пайдалану өз тиімділігін көрсетті. Жалпыұлттық пулға енген жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауға мүмкіндік беретін Цифрлы инвестициялық платформа белсенді қызмет атқарып келеді.
Мемлекет басшысына қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Бас прокурор қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологияларды жаппай енгізу жөнінде баяндады. Атап айтқанда, іздеуде жүрген азаматтарды "ақылды" бейнекамераның көмегімен табу (іздеуде жүргендер саны 9,4 пайызға азайды) тәсілі жолға қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесімен күрес, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің маңызын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 14:04 156541
Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспссөз қызметінен.
2024 жылы осы мақсатта 1,5 млрд текше метр су жіберілді. Мысалы, Қызылорда облысының көлдер жүйесін сақтауға 889 млн текше метр, Павлодар облысының Шідерті өзенінің сағаларына 87,5 млн текше метр, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдерінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін Нұра өзеніне 29,7 млн текше метр су жіберілді.
Ақтөбе облысының Елек өзеніне 90 млн текше метр су жіберілді. Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарынан 144 млн текше метр, ал Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалының нысандарынан 133 млн текше метр су жіберілді.
Біздің министрлік 219 көлді суға толтыруды, 204,2 мың гектардан астам шабындық алқап пен 5,23 мың гектар орманды жерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл су көздеріне жақын орналасқан аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен жабдықтауды жақсартады. Барлық іс-шараларды жүзеге асыру құрғақшылық қаупін азайтуға, жем-шөп алқаптарының сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйенің тұрақты дамуына тиімді ықпал етеді",- деді Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2025, 08:03 257591
ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су қоймаларында су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізіледі, нысандар қардан тазартылып жатыр. Көктемде, қажет болған жағдайда, қорғаныс бөгеттерін күшейту бойынша жер жұмыстары жүргізіледі. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.
Ақпан айында ТЖД және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп филиалдың су шаруашылығы нысандарының су тасқынына дайындығын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.02.2025, 21:41Риддерде жылу жүйесін жаңарту және тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда
17.02.2025, 14:04 156111Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 154961Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 154726Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 15:01 154291Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 18:18 150621ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді
13.02.2025, 08:03 257161ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 254266Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 204111Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 156111Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 154961Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды