04.01.2023, 11:18 35431

Азамат Есқараев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды

Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Азамат Есқараев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.

2000-2002 жж. - РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.

2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.

2003-2005 жж. - ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.

2005-2006 жж. - Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.

2006-2007 жж. - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.

2007 жж. - ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.

2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі.

2008-2009 жж. - ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

2009-2014 жж. - ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.

2014-2019 жж. - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан бастап - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР әділет министрі қызметін атқарған Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны