30.12.2022, 10:41 50636

Бұрынғы әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болды

Бұрынғы әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болды
Сурет: Primeminister.kz
Мәжіліс депутаттары Конституциялық Соттың судьялары лауазымына Еркін Оңғарбаев пен Сергей Ударцевтің кандидатураларын да қолдады

Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұған дейін Қазақстан Республикасының әділет министрі қызметін атқарған Қанат Мусин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
 
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР Конституциялық сотының судьяларын тағайындау мәселелерін қарады.
 
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Конституциялық Сот өз жұмысын бастайды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов судьялар лауазымына Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев, Сергей Ударцевтің кандидатурасын ұсынды.
 
Бұған дейін Президент Тоқаев Қанат Мусинді ҚР әділет министрі қызметінен босатқан болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды, енді әрбір азамат осы органда өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тікелей қорғай алады. Оның төрағасы болып бұрынғы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны