21.09.2023, 17:30 26101

Бұрынғы экология министрі Сүлейменова жаңа лауазымға тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды
Бұрынғы экология министрі Сүлейменова жаңа лауазымға тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының бұрынғы экология министрі Зульфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Зульфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі қызметінен босатылған болатын.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны