08.08.2024, 20:51 96011
Басқарушы компанияның теңгеріміне 82 млрд теңгеге активтер берілді
Достарға айту
Активтерді қайтару жұмыстары шеңберінде Басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы құны 82 млрд теңгені құрайтын 48 обьектілер тапсырылды, деп хабарлайды Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен.
Өз кезегінде Басқарушы компаниямен Астанадағы 473 млн теңгеге элиталық жылжымайтын мүлік және Алматыдағы 732 млн теңгеге азаматтық ғимарат сатылды, сондай-ақ Алматы қаласы және Жетісу облысындағы обьектілерді жалға беру туралы бірқатар келісімдер жасалды. Жалдаудан айына шамамен 80 млн теңгеге жуық кіріс күтіледі, алғашқы төлемдер де жүргізілді.
Объектілерді сату және жалға беруден түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға әлеуметтік-экономикалық жобаларды одан әрі қаржыландыру мақсатында жіберілетін болады. Активтерді іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.01.2025, 14:16 2491
"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды
Достарға айту
Вице-премьер Қанат Бозымбаев "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды.
2029 жылға дейін коммуналдық желілерді жаңғыртуға инвестициялық қажеттілік 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерден, ұлттық қаржылық даму институттарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылады. Табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру тетігін құру, жеңілдетілген қаржыландыруға немесе субсидиялауға өтінімдерді қарастыру "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға жүктелген. Жобалардың жүзеге асырылу барысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау жүргізу "ТКШ Қазорталық" АҚ-ның құзіретіне бекітілген.
Ұлттық жобада отандық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 100% жүктеумен қатар, 27 жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне отандық тауар өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізімін әзірлеу, жосықсыз қатысушылар тізімін енгізе отырып, сатып алудың бірыңғай электрондық нысанын енгізу тапсырылды.
Отырыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін қолдау шаралары да талқыланды. Халықтың төлем қабілеті бар топтары коммуналдық қызметтерді әділ, нарықтық тарифтер бойынша төлеуі керек. Ал осал санаттағылар тұрғын үй автоматтандырылған жүйесі арқылы тарифтердің өсуінен қорғалады. Салалық министрліктерге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін отбасының жиынтық табысының 5%-на дейінгі коммуналдық төлемдерге шығындардың шекті мөлшерін бекіту, сондай-ақ тұрғын үй ауданы мен коммуналдық қызметтерді тұтынудың қолданыстағы нормаларын біріздендіру мәселесін пысықтау тапсырылды.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалар ең өзекті мәселелердің бірі және олар кешенді әрі жедел шешуді талап етеді. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, екі апта ішінде Ұлттық жобаны іске асырудың Жол картасын әзірлеп, оны Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын", - деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер Ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін министрліктер, әкімдіктер мен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ азаматтардың белсенді қатысуы қажет болатынын баса айтты.
Осыған байланысты Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесе отырып, қаңтардың үшінші онкүндігінде журналистерге арналған брифинг өткізіп, халық, бизнес қауымдастық және табиғи монополия субъектілері арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 14:05 3096
Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда
Достарға айту
Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы - еліміздің түрлі салаларындағы кадр тапшылығын шешу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, Ақмола облысында дуальды оқыту жүйесі арқылы мамандар даярлайтын оқу орындары қарқынды дамып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын бәріміз білеміз. Біз бұл маңызды шешімді қолдаймыз. Біздің өңірде білікті жұмысшы кадрлар тапшылығы бар. Осыған байланысты Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі жетекші бірқатар кәсіпорынмен белсенді ынтымақтаса жұмыс істеуде. Біздің колледж түлектері Ақмола облысы үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де құнды маман болатынына сенімдіміз, ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосамыз", - деп атап өтті Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжінің директоры Әсел Рахымжан.
Жұмысшы мамандықтары жылы Ақмола облысындағы ветеринария саласында кадр тапшылығын жоюға көмектеседі. Біздің колледжде жұмысқа орналастыру көрсеткіші шамамен 88%-ды құрайды, бізге әлі де көп нәрсеге ұмтылу керек. Оқу орнымызда дуальды оқыту бойынша дайындық жүріп жатыр: студенттер білімін 60% тәжірибеде, 40% білім беру ұйымында шыңдайды. Бұл тәжірибелік дағдыларды алуға және оларды бекітуге ғана емес, сонымен қатар кейіннен жұмысқа орналасу арқылы кәсіпорындарда ақылы тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Осылайша облысымызды кадрмен қамтамасыз етуге тырысудамыз", - деді Ақмола облысы Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің директоры Айнұр Жансейітова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:49 3406
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
Достарға айту
2024 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 1,1 млн-нан астам тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі - ОТҚ) шамамен 974,6 мың, ымдау тілі қызметтеріне 8,8 мың, жеке көмекшінің қызметтеріне 27,1 мың, санаторийлік-курорттық емдеу қызметтеріне 99,9 мың тапсырыс, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Порталда 856 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші (бөлімшелер), 845 ОТҚ жеткізуші, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 763 ымдау тілі және 116 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:42 3911
Жамбыл облысында оқушы өлімі: үш оқушыға үкім шығарылды
Достарға айту
Сот үш кәмелетке толмаған оқушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған үш кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 293-б. 2-б. 1-т., 106-б. 3-б.; 28-б. 4-б. - 106-б. 3-б., 293-б. 2-б.).
Белгілі болғандай, уәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-ші сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған.
Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған.
Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады.
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың кәмелет жасқа толмағандығын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Л.Л.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Т.-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.
Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 млн. теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 16:08 34501
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады
Достарға айту
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шалхар Байжомартов "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді", - деді Айдар Сайтбеков.
Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында орын алды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.
Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі - азаматтардың қауіпсіздігі үшін күнделікті тәуекелге бел буатын полиция қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын еске салатын үлгі", - деп түйіндеді А. Сайтбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:28 33561
Қазақстанда шетелдік маркетплейстердің қызметі реттеледі
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда онлайн-сатуды жетілдіру мәселелері қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық коммерция нарығындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, электрондық сауда әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Бүгінде дүние жүзі халқының 30%-ы интернет арқылы онлайн сауда жасайды. 2024 жылы жаһандық электрондық коммерция нарығының жалпы көлемі шамамен $6,3 трлн-ға жетіп, оның ішінде электрондық сауданың үлесі 20%-ды құрады. Алдағы жылдары электрондық коммерцияның көлемі $8,3 трлн-ға дейін өседі деп болжануда.
Сауда құрылымы қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Жаңа трендтер пайда болуда. Олардың қатарында: жасанды интеллект технологияларын енгізу, дербестендіру, әлеуметтік желілер арқылы сауданың өсуі, стримингтер арқылы сауда жасау бар.
2024 жылдың 11 айы бойынша алдын-ала жасалған деректерге сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемінен жоспарланған 14,5%-дан 15%-ға дейін артуы болжануда.
Министр Қазақстанның қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуына, бөлшек финтех саласының дамуына, интернеттің қолжетімділігіне, жастардың жоғары үлесіне, 8 млн-нан астам адамға негізделген даму әлеуеті жоғары екенін айтты.
Бүгінгі таңда Министрліктің алдында 2029 жылға дейін электрондық сауданың бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесін 18,5%-ға дейін арттыру, немесе 9,3 трлн теңгеге жеткізу міндеті тұр. Бұл электрондық сауда көлемін іс жүзінде 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында өткен жылдың сәуірінде 2027 жылға дейінгі электрондық сауданы дамыту жоспары қабылданды. Қабылданған жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, барлық өңірлерде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізу, сондай-ақ электрондық сауда кәсіпкерлеріне мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республика бойынша кәсіпкерлер үшін электрондық сауда бойынша оқу орталықтары ашылды. Өткен жылы электрондық сауда субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелері қабылданды.
Электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатыр, оның ішінде: меншікті инфрақұрылымы 100 мың шаршы метр болатын Teez жаңа қазақстандық маркетплейс іске қосылды, жақын арада 10 мың жұмыс орны құрылады. Инвестициялар $50 млн-ды құрады.
Сондай-ақ биыл Ozon және Wildberries маркетплейстер Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі 101,3 млрд теңге болатын жалпы ауданы 291 мың шаршы метр 3 орталық салу жоспарлануда. Трансшекаралық электрондық сауданы ынталандыру мақсатында өткен жылдың 6 қарашасында Бішкек қаласында, Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Үкіметаралық Келісімге қол қойылды. Электрондық сауда саласында халықаралық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық және Орталық Азия аясында жүзеге асырылуда.
Қазпошта" АҚ ұлттық операторы кедендік рәсімдерден жедел өту және трансшекаралық сауданың объективті статистикасын жүргізу бойынша сыртқы электрондық коммерция саласындағы пилоттық жобаны іске асыруда.
Электрондық сауданың енуінің жоғары қарқынын ескере отырып, оның жалпы бөлшек сауда құрылымына әсерін талдау жүргізілді. Ол үшін өткен жылдың қазан айында нарықтың, бизнес қауымдастықтардың және мемлекеттік органдардың негізгі қатысушыларын қамтитын жұмыс тобы құрылды.
Талдауға бөлшек сауда саласындағы 400 мыңнан астам компанияның деректері енгізілді. Деректер жиынтық түрде ұсынылып, бөлшек сауда секторындағы негізгі үрдістер мен құрылымдық өзгерістерді көрсетеді. Онлайн және офлайн сауда сатушыларының типтік портреті әзірленді. Барлық көрсеткіштер бойынша онлайн сауда тиімдірек анықталды. Өйткені, ондай компаниялар ірі, тұрақтылығы жоғары, сатылымдары мен қызметкерлер саны көп.
Қазақстанда белсенді онлайн-компаниялар барлық бөлшек сауда кәсіпорындарының 12,6%-ын құрайды. Бұл ретте олар 300 мыңнан астам жұмыс орнын құрды, жоғары өнімділік көрсетілді, бөлшек сауда секторындағы салық түсімдерінің 60%-ы қамтамасыз етілді. Яғни, елімізде, бөлшек саудамен айналысатын 505 мың офлайн компания 3 жыл ішінде 240 млрд теңге салық төлеген. Ал онлайн саудамен айналысатын 73 мың компания 360 млрд теңге салық төледі. Бұған қоса отандық маркетплейстер 135,2 млрд теңге салық төлеген.
Сондай-ақ компаниялар онлайн сауда жасағаннан кейін қалай өзгеретініне талдау жасалды. 10 мың әр түрлі жағдайды талдау нәтижесінде, маркетплейске шыққаннан кейін 1,5 жылдан соң компаниялардың орташа сатылым көлемі 4,8 есе артып, салықтық төлемдер 13,5 есе көбейіп, сату географиясы кеңейді.
Арман Шакқалиев отандық Е-СОМ ШОБ үшін үдеткіш және әсіресе өңірлік деңгейде жұмыспен қамтуды арттыру құралы екенін атап өтті. Отандық электрондық коммерцияны одан әрі дамыту республиканың бүкіл сауда саласының өсуіне қосымша мүмкіндіктер ашады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы шетелдік платформаларда жасалған сатып алулар көлемі $1,3 млрд-ты құрады, бұл елдегі жалпы онлайн-сатылымдардың шамамен 20%-ын құрайды. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 90%-ды құраған.
Алайда, трансшекаралық онлайн-сауданың дамуы тұтынушылардың шетелдік маркетплейстерге қатысты шағымдарының артуына алып келуде. Мұндай мәселелер шетелдік маркетплейстер мен сатушылар Қазақстан юрисдикциясынан тыс жерде орналасқандықтан туындап отыр. Бұл өз құқығын толықтай қорғай алмайтын тұтынушылар үшін қауіп-қатерлерді тудырады.
Елдер арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, тауарларды қайтару немесе айырбастау талаптарын орындау мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар сертификаттау рәсімінен өтпейді, бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қауіп төндіреді. Осыған байланысты сауда және интеграция министрі осы мәселелерді заңнамалық тұрғыдан реттеуді ұсынады.
Олардың халықаралық тәжірибесін және қазіргі жағдайды ескере отырып, тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде отандық платформалардан төмен емес шетелдік платформалардың жұмысы үшін міндетті шарттарды енгізуді ұсынамыз. Салықтық және кедендік ашықтық. ЕО тәжірибесі бойынша шетелдік интернет-платформалар мен дүкендерді тіркеу үшін электрондық платформаны енгізу ұсынылады", - деп атап өтті Үкімет отырысында Арман Шаққалиев.
Отандық электрондық коммерцияны қолдау және дамыту мақсатында кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату және импорт кезінде фискалдық емес алымдарды оңтайландыру, электрондық сауда субъектілері үшін арнайы салық режимдерін енгізу, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру, сондай-ақ қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамыту ұсынылады.
Ұсынылып отырған тәсілдер мен шараларды салық заңнамасын, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қоса алғанда, электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы іске асыру жоспарлануда. Министр Қазақстанда онлайн-сату секторын дамыту экономикалық өсудің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар сауданы одан әрі цифрлық трансформациялау және елімізді әлемдік цифрлық экономикаға интеграциялау үшін қажетті қадам екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:23 33936
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Достарға айту
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың үш тоқсанында Алматыға 1,7 миллион адам келді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп. Қонақтар санының артуы қала экономикасына тікелей әсер етті: туризм саласынан түскен салықтық түсімдері 11 айда 85,5 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 2 есеге артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 92,9 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті. Жеке қаражат есебінен қалада 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды, оның ішінде 20 қонақүй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 қонақ үй бар. Бұл 836 бөлме қосып, туристерді қабылдау инфрақұрылымын айтарлықтай нығайтты.
Бұл нәтижелер Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығын және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы тиімді жұмысты көрсетеді. 2025 жылы қала инвесторларды тартуды, туристік инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық аренадағы орнын нығайтуды жалғастырып, Алматыны Орталық Азияның жетекші туристік бағыты ретінде одан әрі ілгерілетуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:18 34161
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына келді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ саясаткерлер, қайта жаңартылатын энергия көздері, технологиялық даму және инновация салаларындағы көшбасшылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар.
Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.
Абу Дабидің орнықты даму апталығы" (ADSW) - орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі. Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жету үшін инновациялық шешімдер іздеуге бағытталған. Биыл форум "Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету" (The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress) тақырыбында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.01.2025, 13:42Жамбыл облысында оқушы өлімі: үш оқушыға үкім шығарылды 15.01.2025, 13:49 27112024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды15.01.2025, 14:05 2401Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда15.01.2025, 14:16 1796"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды15.01.2025, 14:20 776Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
09.01.2025, 16:58 120746Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1206262024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 994962024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 915362025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 91386Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152481Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146606Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146316Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145846Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135756Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті