08.02.2023, 14:39 25161

Бас прокуратура "Болашақ" бағдарламасы бойынша қаражаттың пайдаланылуына тексеру жүргізуде

Бұл туралы таратылған Мәжілістің 7-ші шақырылым депутаттары сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған
Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бас прокуратура қаражатты мақсаттан тыс пайдалану мəселесі бойынша Халықаралық бағдарламалар орталығын тексереді. Бұл туралы таратылған Мәжілістің 7-ші шақырылым депутаттары сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған.
 

Болашақ" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлерінің қаражатты мақсаттан тыс пайдалануы мəселесі бойынша тексеру жүргізу туралы "Ақ жол" фракциясы депутаттарының сауалына келесіні хабарлаймыз. Бүгінде баяндалған дəлелдерді қараудың объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты талдау жəне жинау жүргізілуде. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығында тексеруді бастаймыз. Нəтижелері туралы қосымша хабарлаймыз", - делінген Берік Асыловтың жауабында.


Өткен жылдың желтоқсан айында "Болашақ" стипендиясы 170-тен астам қазақстандыққа берілді. Стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны