28.04.2021, 21:04 16291

Бердімұхамедов Тоқаевты Түрікменстанға келуге шақырды

Тоқаев түрікмен елінің басшысына Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінде көтерген бастамаларын қолдағаны, сондай-ақ, Түрікменстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне бақылаушы ретінде кіргені үшін ризашылығын білдірді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Көршілес мемлекеттердің Президенттері көп жоспарлы қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективалары, екі ел арасындағы достық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті нығайту жайында жан-жақты пікір алмасты.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел халықтарының мүддесі үшін Қазақстан Түрікменстанмен көпжақты байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.
 
Гурбангулы Бердімұхамедовтің пікірінше, Қазақстан Түрікменстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі.
 

Президенттер өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан мен Түрікменстанның күш біріктіруге дайын екенін растады", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қосымша қарқын беру үшін биыл Үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге келісті.
 
Қазақстан Президенті ортақ келісім болған жағдайда, кезекті Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуін Түрікменстан астанасында өткізуді қолдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен елінің басшысына Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінде көтерген бастамаларын қолдағаны, сондай-ақ, Түрікменстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне бақылаушы ретінде кіргені үшін ризашылығын білдірді.
 
Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, маңызды келісімдерге қол қою үшін Түрікменстанға сапармен келуге шақырды.
 
Қазақстан Президенті түрікменстандық әріптесіне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны