14.01.2022, 15:56 60871

Әбіш ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқаруды жалғастыруда

Әбіш ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқаруды жалғастыруда
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАҢТАР - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Самат Әбіш туралы сұрақтарға жауап берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
 "Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында" делінген.
 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқандығы хабарланған болатын. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин ұсталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҰҚКӘбіш

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны