13.03.2023, 19:04 14161

Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа функцияларды беру жоспарланып отыр

Жаңа өзгерістер қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды
Астана. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулының жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілді:

- парамедиктердің медициналық көмек көрсету қағидаларын анықтайды:

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер және (немесе) қаражат көлемдерін бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің индикаторларын есептеу және рейтингтік бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту.

Денсаулық сақтау субъектілерінің ресурстық база көрсеткіштерін бағалау индикаторлары, менеджмент деңгейі және медициналық ұйымның медициналық көмек көрсету сапасы негізінде есептелген рейтингтік бағасын ескере отырып, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көлемдерін автоматтандырылған бөлуді енгізу көлемдерді бөлу процесін ашық, жүйелендірілген етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат 30 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны