07.07.2022, 16:51 24671

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Бейбіт Есенбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 ШІЛДЕ - ҚР Үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.
 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген. 
 
Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.
 
2009-2011 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.
 
20011-2013 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.
 
2013-2017 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.
 
2017-2020 жж. — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.
 
2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны