15.08.2024, 14:44 31181

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматы көшелерінде жүр: әскери сот мәлімдеме жасады

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматы көшелерінде жүр: әскери сот мәлімдеме жасады
Алматы гарнизонының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат Алматының түнгі көшелерінде серуендеп жүрген видеосына қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы гарнизонының Әскери соты Болат Н.-ға қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне уақытылы орындау үшін жолданғанын хабарлайды.

Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатымен сотталушының мекен-жайы үкімдегі мекен-жаймен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған.

Осыдан кейін, сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, өйткені оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген.

ҚР Әскери сотының департаменті аталған іс жүргізудің ұзақтығының себептерін анықтау бойынша тексеру жүргізуде.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша Пробация қызметіне жіберілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны