18.04.2022, 17:17 15746

Әділет министрлігінің басшысы Президенттің жақын туыстары қандай лауазымдарды атқара алмайтынын айтты

Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады.
Әділет министрлігінің басшысы Президенттің жақын туыстары қандай лауазымдарды атқара алмайтынын айтты
Сурет: pexels
НҰР-СҰЛТАН. 18 СӘУІР - Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин ел Президентінің қай туыстары саяси мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымын атқара алмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді", - деді Қанат Мусин ОКҚ брифингінде.

 
Өз кезегінде, Президент жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары мен т.б. жатқызылған.
 

Бұл квазимемлекеттік секторда мемлекет қатысушы болып табылатын ұйымдар да жатады. Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мысалы, Президенттің ағасы, әпкесі, балалары "Самұрық-Қазына" немесе "Бәйтерек" сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды", - деді министр мысалдар келтіре отырып.

 
Мусин, сондай-ақ, Президенттің өкілеттігін қайта қарауға және оның өкілеттігі кезеңінде қызметте болуына байланысты қосымша шектеулер енгізуге бағытталған Конституцияға енгізілетін түзетулер блогы туралы айтты.
 

Жолдауда келесі бағыттар айтылған.Мемлекет басшысының саяси партиялардағы мүшелігіне оның президенттік кезеңінде тыйым салуды белгілеу. Осылайша, мемлекеттік аппаратты партиялық құрылымдармен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл тыйымның алғышарты кезекті съезд барысында Amanat партиясының төраға қызметінен кету ниеті туралы Президенттің мәлімдемесінен болды. Мұндай тыйымның Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті және Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелеріне, әкімдер мен олардың орынбасарларына да қатысты болатынын жеткізді. Бұл жаңалық барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсерін тигізіп, саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасайды", - деді министр. 

 
Оның айтуынша, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оны биыл сәуір айының соңында аяқтау жоспарланып отыр. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Тоқаев Президенттің туыстары үшін мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын атқаруға тыйым салуды ұсынған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны