27.07.2021, 19:05 9645

"Достық" каналының қазақстандық бөлігіне су беру секундына 100 текше метрге дейін ұлғайтылды

Тараптар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды жалғастыруға келісті.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрлері телефон арқылы сөйлесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 26 шілдеде Душанбе қаласында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Тәжікстан Республикасының Энергетика және су шаруашылығы министрі Д. Джумамен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесу барысында тараптар екі елдің су шаруашылығының мәселелерін талқылады. Қазақстандық тарапы Бахри-Точик су қоймасынан су тастауды ұлғайтқаны үшін тәжік тарапына алғыс білдірді. Мәселен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету мақсатында "Достық" каналының қазақстандық бөлігіне су беру 80 м3/с-нан 100 м3/с-қа дейін ұлғайтылды", - деп хабарлады ҚР Экология министрлігінде.

 
Тараптар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды жалғастыруға келісті.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Өзбекстанмен "Достық"мемлекетаралық арнасы бойынша су жіберуді ұлғайту туралы уағдаласты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны