30.11.2022, 08:56 21281

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

Қалаға Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен ТЖМ басшысы Юрий Ильин келді
Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті
Сурет: primeminister.kz
Екібастұз. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Түнде Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, "ОАЭК" АҚ акционерлері, "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша, Екібастұзда 17 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр.
 

Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта берілетін болады. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы - 820С (норма 870С), кері қайтару - 540С (норма 560С), пәтерлерде - 18-200С, сыртқы ауа температурасы - 230С", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Жеткізу желілері қатып қалған 59 көп пәтерлі тұрғын үйдің 22-сінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр.
 
Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.
 
Кеше ҚР Үкіметі басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға келді. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов - апат орнында.
 

Үкімет мүшелерінің міндеттері - апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу. Төтенше жағдай зардаптарын жедел жою ісі бақылауға алынды", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр.143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу беру қалпына келтірілді. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралау жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.
 
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті ЖЭО-дағы ірі апаттың салдары үшінші күні жойылуда.
 
КТК телеарнасының мәліметінше, арнайы комиссия коммуналдық ТЖ себептерін тексеруді бастады.
 

Осы факті бойынша тексеру ашылды, және біз жергілікті атқарушы орган, ал олар құзыретті орталық мемлекеттік орган болғандықтан, олар құқықтық баға беретін болады", - деді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин.

 
Арнайы комиссия тексеру нәтижелерін 10 күннен кейін жариялауға уәде беріп отыр. Осы уақытта Екібастұзға басқа өңірлерден мамандар келіп, жергілікті коммуналдық қызметкерлерге көмек көрсетуде. Олар үшін жылыту пункттері мен ыстық тамақ ұйымдастырылған. Еріктілер тұрғындарға жылы көрпелер мен жылытқыштар жинауда.
 
Жергілікті билік енгізген төтенше жағдай режимі жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны