01.02.2022, 17:24 15601

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

Бұған дейін хабарланғандай, Nur Otan партиясының Саяси кеңесі Бюросының құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов кірді.
Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандатын "Nur Otan партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Қошановқа беру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - деп шешті ОСК.

 
 
Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған.
 
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
 
Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.
 
1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
 
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.
 
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы парламент сенатының депутаты.
 
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі.
 
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі.
 
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
 
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
 
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі.
 
2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы.
 
2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі.
 
2019 жылғы 18 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны