28.11.2022, 08:44 16266

Годунова ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Президенті "Н.Н. Годунованы тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды.
Годунова ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Н.Н. Годунованы тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
 
Тілеген Төлегенұлы Каскин Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
 
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палатасы болып қайта құрылды. 2022 жылғы 26 қарашада Қазақстан Президенті "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Годунова

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны