02.06.2022, 16:01 11846

ИИДМ: қазақстандық әуе компаниялар еуропалық қара тізімге енгізілмейді

Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті еліміздің авиациялық билігі мен қазақстандық әуе тасымалдаушылардың Еуропаға ұшуына қатысты ресми шешімін жариялады.
ИИДМ: қазақстандық әуе компаниялар еуропалық қара тізімге енгізілмейді
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті еліміздің авиациялық билігі мен қазақстандық әуе тасымалдаушылардың Еуропаға ұшуына қатысты ресми шешімін жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ИИДМ басшысы Еуропаның 27 мемлекетінің билігі отандық әуе тасымалымен айналысатын компанияларға кәрі құрлыққа ұшуға шектеу қоймайтыны жайында шешім қабылдағанын және еліміздің "қара тізімге" енбейтінін атап өтті.
 

Еуропалық сарапшылар Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі саласында қалыптасқан ахуал мен осы тұрғыда соңғы 3 жылда ел Үкіметі тарапынан қабылданған шараларды оң бағалады", – деп атап өтті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

 
Сондай-ақ ол Қазақстанның бұған дейін "қара тізімге" кіргенін де еске салды. Атап айтқанда, 2009 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тарапынан жүргізілген аудит нәтижесінде еліміздегі әуе тасымалы саласында ХААҰ талаптарының сақталу көрсеткіші төмен екендігі анықталған (47 пайыз). Осыған орай Еурокомиссия Air Astana компаниясынан өзге қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Еуропа елдеріне ұшуға тыйым салған болатын.
 

Туындаған жағдайдан шығу үшін 7 жылдай уақыт қажет болды. 2016 жылы шектеулер алынып тасталғаннан кейін осындай олқылықты жайттардың алдағы уақытта қайталанбас үшін ИИДМ өте ауқымды жұмыстар жасады", – деді ведомство басшысы.

 
 "Бек Эйр" ұшағының апатына орай өткен жылдың соңында Еурокомиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі бойынша қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді.
 

Отандық авиация саласын жаңа шектеулерден қорғау мақсатында Еуропалық комиссияға түзету іс-шараларының жаңа жоспарын ұсындық. Сондай-ақ ИИДМ-ның Сыртқы істер министрлігі және Қазақстанның Бельгиядағы елшілігімен бірлесіп жүргізген тұрақты келіссөздерінің нәтижесінде комиссияға отандық әуе тасымалының әлеуеті мен ондағы қауіпсіздікті дәлелдедік", – деді министр.

 
Қазақстан тарапынан келтірілген дәлелдер мақұлданып, Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы түзету шараларын оң бағалаған. Бұл өз кезегінде отандық авиакомпанияларды "қара тізімге" енуін болдырмауға септігін тигізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны