27.04.2023, 08:29 66511

ІІМ көлік құрастырушыларды заңдастыруды қашан бастайтынын айтты

Шетелдік автомобильдерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады
ІІМ көлік құрастырушыларды заңдастыруды қашан бастайтынын айтты
Сурет: Polisia.kz
Астана. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жалғастырып жатыр. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев автоконструкторларды заңдастыруға қашан кірісетінін айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде. Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.



Оның айтуынша, 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік нөмірлері бар автомобильдерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны