31.05.2022, 17:48 9091

ІІМ жүйесінде басшылық лауазымдарға кезекті тағайындаулар өтті

Ведомство басшылығы полиция басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының және Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді қарады.
ІІМ жүйесінде басшылық лауазымдарға кезекті тағайындаулар өтті
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 31 МАМЫР - ІІМ жүйесінде кезекті рет ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының және Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді қарады. 
 
Министр және оның орынбасарлары бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас Қолбасшысының орынбасары қызметіне "Халық қаһарманы" Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.
 

Өздеріңіз көріп отырсыздар, ол бүкіл сатыны өтті. Біздің ұландарға дұрыс тәрбиені "Халық қаһарманы" бермесе, басқа кім береді? Қайрат Жарылқасынұлы, ұландықтардың моральдық-психологиялық жағдайын шыңдап, сарбаздармен тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Сіздің ерлігіңіз оларға үлгі болады деп ойлаймын. Бұл тағайындаумен біз Ұлттық ұланды нығайтамыз деп үміттенемін", – деді министр Марат Ахметжанов.

 
Еске сала кетейік, 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында жаттығуды орындау кезінде жарылған жауынгерлік гранатадан полковник сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалған болатын.
 
Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен: 
 
  • Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Қуаныш Орынбетов; 
  • Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы лауазымына Ермек Әлжанов; 
  • Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Полиция басқармасының бастығы лауазымына Алмас Әмзеев тағайындалды.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны