25.09.2023, 21:54 30606

ҰҚК ҚР мен РФ шекарасындағы көлік кептелісі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде автокөлік кептелісі орын алғаны туралы ақпарат таралуда.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны