01.02.2022, 18:50 29096

Үкімет депутаттарға, министрлер мен әкімдерге жалақыны көтеруге мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады

Үкімет депутаттарға, министрлер мен әкімдерге жалақыны көтеруге мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - 2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қаулыға өзгерістер енгізілді. 
 
Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады, деп хабарлайды министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.
 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында "ҚР Парламенті депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, барлық деңгейдегі әкімдердің еңбегіне ақы төлеуді арттыруға мораторий енгізу туралы" Қаулы қабылданды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны