08.08.2024, 20:32 91231

Үкіметте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

Үкіметте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкімттің баспасөз қызметінен.

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен бизнестің өзекті мәселелерін қарау бойынша кезекті кеңес өтті.

Кеңесте "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері сөз сөйлеп, электр энергетикасы саласын одан әрі дамытуға, энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға қатысты мәселелерді айтты. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және жеке балабақшалар орналасқан жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту тәсілдерін қайта қарау мәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде бұрын жасалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалға беру шарттарын жаппай жарамсыз деп тану проблемасын көтерді.

Вице-премьер барлық айтылған мәселені тыңдап, тиісті мемлекеттік органдарға оларды шешу үшін жедел шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма берді. Ол шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, Үкіметтің бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бар күш-жігерді жұмсауға ниетті екенін жеткізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны