19.01.2022, 17:12 39901

"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның кәдеге жарату алымы бойынша қызметі тоқтатылды

"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның кәдеге жарату алымы бойынша қызметі тоқтатылды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы" Қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, "Жасыл даму" АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 

"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді", - делінген хабарламада.

 
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайтын болды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Президент Тоқаев кәдеге жарату алымымен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деп мәлімдеді.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны