27.12.2022, 10:03 18996

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады
Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды
Сурет: Inform.kz
Астана. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

 "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КЕАҚ қызметіне:

  • әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

  • ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;

  • ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;

  • ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;

  • ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

  • ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

  • ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.

ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді", - делінген хабарламада.


Үкіметте биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, Академияның рөлін арттыруды тапсырғанын еске салды. Академиктердің ұсынысы бойынша Үкімет ҰҒА-ны трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Оның негізгі міндеті Академия қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру болды.

Қазақстандық ғалымдарды Ұлттық ғылым академиясын жаңғыртуға қатысуға шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны