17.04.2024, 15:31 58751

Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі

Зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құру кезінде салықтық преференциялар беріледі, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

Депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Түзетулерге Мемлекет басшысының ғылыми-техникалық саладағы жеке инвестициялар үшін неғұрлым кең салықтық және инвестициялық преференциялар беру бойынша тапсырмасын орындау үшін депутаттар бастамашы болды.

Құжатта кәсіпкерлерді ғылыми жетістіктерді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға байланысты шығыстар бойынша салық салынатын кірісті азайту жолымен ынталандыру шаралары, сондай-ақ зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құру кезінде салықтық преференциялар беру көзделіп отыр.

Сондай-ақ интернет-платформа операторларын салық агенттері деп тану және олар үшін арнаулы салық режимін белгілеу жолымен платформалық жұмыспен қамтылу арқылы қызметтер көрсететін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін заңды түрде бекітуге және оған тартуға бағытталған түзетулер енгізілді. "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы үшін мүлікке салынатын салық мөлшерлемесінің қолданылу мерзімін ұзарту қарастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны