13.09.2021, 17:44 7727

Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.

НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда еңбек еткен. 2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны