01.02.2022, 18:14 18736

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мұрат Нұртілеу ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған Президент Жарлығында.

 
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
 
Нұртілеу бұл лауазымда Ерлан Қошановты ауыстырды, ол ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны