02.03.2021, 21:14 13363

Мұрат Теміржанов Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды.
 
Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 
 
Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 
 
2001 жылы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасарының м.а. болды. 
 
Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 
 
2013-2014 жж. ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығының консультантының м.а., консультанты болды. 
 
2016-2021 жж. — VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. 
 
Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны