16.06.2021, 21:45 17813

Мәжіліс Есеп комитетінің екі мүшесін тағайындады

Юлия Энгель мен Рүстем Нұрпейісов Есеп комитетінің мүшелері лауазымына тағайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында Юлия Энгель мен Рүстем Нұрпейісов Есеп комитетінің мүшелері лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Парламент палатасының отырысы барысында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бүгінгі таңда есеп комитетінің екі мүшесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанын хабарлады.
 

Конституцияның 57 және 58-баптарына сәйкес Парламент палаталарының әрқайсысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін тағайындайды және кандидатураларды палата төрағасы ұсынады", - деді Нығматулин.

 
Бос лауазымдарға Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгельдің кандидатуралары ұсынылды, оларды депутаттар мақұлдады.
 
Нығматулин Рүстем Нұрпейісовтің Есеп комитеті жүйесінде 20 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқанын, мемлекеттік аудит жүргізу саласында мол тәжірибесі бар екенін, білікті маман екенін айтты. Юлия Энгель көп жылдар бойы Есеп комитетінің аппаратында жұмыс істейді, қаржы саласын жақсы біледі, оның ішінде республикалық бюджетті алдын ала қарауға, орындау бойынша қорытынды дайындауға белсенді қатысады.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны