18.02.2024, 23:16 23641

Мәжіліс көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады

Мәжіліс көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады
Сурет: gov.kz
Мәжіліс 2024 жылғы 14 ақпанда «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Құжатта экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салу ұсынылған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жыныстық сипатта жасаған қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуі шектеледі. Бұдан бөлек заңға «қандас» мәртебесін беру тәртібін жетілдіруге бағытталған жаңа норма енгізілді.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны