02.05.2022, 16:59 16996

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Сурет: Ақорда
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАМЫР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында барлығына мықты денсаулық, амандық және бақ-береке тіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды", - делінген Президенттің құттықтауында.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себетінін айтты. Ол жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.
 

Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз. Айт қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" - деп толықтырды Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны