26.03.2025, 18:03 62911

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны