21.02.2025, 15:13 5146
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара өткізілгені туралы баяндалды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 862 миллиард теңге болатын түрлі нормалардың бұзылғаны анықталды. Тексерістердің қорытындысы бойынша бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық.
Мемлекет басшысына құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау ісінде олқылықтар үнемі байқалатыны айтылды.
Жоғары аудиторлық палата барлық анықталған заң бұзушылықты жою үшін Үкіметке ұсыным беріп, жауапты мемлекеттік органдарға нұсқама жолдаған.
Әлихан Смайылов биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізу жоспарланғанын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана және Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы, KEGOC кәсіпорыны, Ұлттық банк, Төтенше жағдайлар министрлігі бюджеттерінің орындалуы тексеріледі. Сонымен қатар ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудиторлық тексерістер жүргізіледі.
Кездесу соңында Президент мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.02.2025, 13:17 36
ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссия Қостанай спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді
Достарға айту
ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссия Қостанай спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткердің кандидатурасы қаралды.
Комиссия талқысына ұсынылған үміткер - ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ директоры Дулат Советханұлы.
Комиссия мүшелері үміткердің спорт саласындағы тәжірибесін, басқарушылық қабілетін және өңір спортының дамуына қатысты ұстанымын жан-жақты зерделей келе, оның кандидатурасына келісім берді.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:59 441
2025 жылдың басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Достарға айту
2025 жылы 1 070 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (51,9%) - Қытай Халық Республикасынан, 37,5% - Өзбекстаннан, 7,1% - Түрікменстаннан, 1,8% - Ресейден және 1,7% басқа елдерден.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2%-ды, кәмелетке толмағандар 32,9%-ды және зейнеткерлер 6,8%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,7%-ы жоғары білімді, 32,9%-ы орта кәсіби білімді, 48,4%-ы жалпы орта білімді, және 1,9%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 171 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтар мен қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 11:13 2966
Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады
Достарға айту
Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады, деп хабарлайды Inform.kz.
2014 жылы құрылғаннан бастап ол ҚР Ұлттық Банкінің қарамағында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды.Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғасады. Ұзақ үзілістен кейін биыл 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада комиссияның отырысы өтті.
Жиынға Президент Әкімшілігінің, Ұлттық Банктің, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің лауазымды тұлғалары, Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары және т.б. қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың ерекше рөлі мен маңыздылығын тағы да атап өтті.
- Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор - ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет, - деді Президент.
Отырыс барысында Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов Ұлттық қор қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзектендірілетінін атап өтті.
- Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен Ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет, - деді Әлихан Смайылов.
Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына байланысты да жұртшылықтың Ұлттық қорды ұтымды пайдалануға назары күшеюде.
- Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет. Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауы тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды, - деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.
Әлихан Смайылов алдағы кезеңге арналған міндеттерді атап өтті:
Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеру жүргізу;
Ұлттық қор қаражатын неғұрлым басым бағыттарға қайта бөлу немесе оларды қайтару жөнінде ұсыныстар беру. Отырыс барысында комиссия құрамын жаңарту, оның қызметін жаңа форматта регламенттеу, қорытындылардың сапасын арттыру және т. б. мәселелер талқыланды. Айта кетейік, ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ол ҚР Президентінің Өкімімен 2014 жылы құрылған.
https://kaz.inform.kz/news/ulttik-kordan-bolngen-karazhattin-zhumsaluin-monitoringteu-zhonndeg-komissiya-zhumisin-kayta-bastadi-a6ab98/
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 10:45 2701
Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды
Достарға айту
ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Inform.kz.
Меморандумның негізі - тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Қол қойылған меморандум аясында Құс өсірушілер одағы мен Қауымдастық құс фабрикаларының қоймалары мен фирмалық дүкендерінде сатылым бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттеме алды.
Өз тарапынан Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтауын қамтамасыз етеді және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жұмыртқа импортына шектеу енгізу мәселесін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігімен бірге заңсыз импорттық жұмыртқаларды нарыққа шықпауын, оларды айналымнан алу жөнінде бақылау шараларын қабылдайды.
Сауда және интеграция министрлігі меморандум аясында баға мониторингін жүргізіп, оның шарттарының орындалуын бақылайды.
Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің арасында меморандумға қол қойылғанын жазған едік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2025, 21:41 21276
Риддерде жылу жүйесін жаңарту және тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Өскемен. 23 февраля. KAZAKHSTAN TODAY - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласында болды. Ол жылу жүйесінің жұмысын тексеріп, су тасқынына дайындық барысымен танысты. Негізгі мәселелер - жылу желілерін жаңарту, қалалық инфрақұрылымның жағдайы және көктемгі су басудың алдын алу шаралары, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазір қалада екі негізгі жылу көзі бар: "Шығыс жылу" АҚ-ның Риддер ЖЭО филиалы және "Л-ТВК" ЖШС қазандығы. Оларды жаңғырту - биліктің басты міндеттерінің бірі.
Соңғы екі жылда ЖЭО аймақ балансына өткеннен кейін үлкен жұмыстар атқарылды: жабдықтар жаңартылып, 19 шақырым жылу желісі қалпына келтірілді. Бұл қала тұрғындарына жылу беру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нұрымбет Сақтағанов оң өзгерістерді атап өтті.
Нөлдік қабат ретке келтірілді. Қазір станция 11 мегаватт электр энергиясын өндіруде, жақын арада бұл көрсеткіш екі-үш есеге дейін артады. ЖЭО-ның ішкі резервтері экономикалық тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, біз компания басшылығымен бірлесе жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар кадр тапшылығы мәселесі шешілмек. Биыл республикада Жұмысшы мамандықтар жылы жарияланды, сондықтан энергетика және өнеркәсіп саласының мамандарына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Облыс ЖЭО-да жұмыс істеуге ниетті азаматтарды "Отбасы банк" арқылы баспанамен қамтамасыз етуге дайын. Қажет болған жағдайда жұмыс істеп жүрген мамандар қайта даярлаудан өтеді.
Л-ТВК" ЖШС қазандығы - қаланы жылу және сумен қамтамасыз ететін тағы бір маңызды нысан. Ол Қаражыра кенішінің көмірімен жұмыс істейді, қазіргі уақытта бес су жылыту қазандығы пайдаланылады. Алайда 2001 жылы құрылғанына қарамастан, кәсіпорынның қазіргі жағдайы мәз емес - оны күтіп ұстауға және жөндеуге қаражат жеткіліксіз.
Біз "Қазцинк" ЖШС және "Л-ТВК" басшылығымен қазандық пен су тарту нысанын жергілікті атқарушы органдар балансына беру туралы келісімге келдік. Бұл мәселе үшжақты келіссөздер барысында қаралып, оңтайлы шешім қабылданады. Қазіргі кезде жылу желілерінің жағдайы өте нашар, сондықтан оларды тез арада балансқа алып, қайта жаңғырту керек", - деп атап өтті облыс әкімі.
Сапар барысында су тасқынына дайындық мәселелері де талқыланды. Нұрымбет Сақтағанов "ЛКГЭС" ЖШС-ның мұз жіберу каналының тазалығын бақылауды және арықтар мен каналдардың, әсіресе Ботаника ықшам ауданындағы жағдайды қадағалауды тапсырды.
Риддерде жылу жүйесін жаңғырту және су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасады. Жергілікті билік жоспарланған барлық шаралардың орындалуын бақылауда ұстайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.02.2025, 14:15 5056
Мемлекет басшысы көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді. Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.02.2025, 16:01 5521
Олжас Бектенов халықаралық бизнес қоғамдастығы өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастықтығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.
Отырысқа қатысушылар Үкіметтің қолайлы бизнес-орта құруға, өсу серпінін сақтауға және экономикалық даму сапасын арттыруға бағытталған реформалары туралы хабардар болды.
Әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі шеңберінде әкімшілендірудің сервистік моделін енгізу, салық есептілігін 30%-ға қысқарту және салық төлемдері түрлерінің санын 20%-ға азайту көзделгені атап өтілді. Өз өнімін өндірушілер үшін табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі, шикізатты қайта өңдеушілер жабдықтың импорты бойынша ҚҚС төлеу мерзімін ұзартады. Сонымен қатар роялтиге салық салудағы өзгерістер түсіндірілді.
Жиында Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Йеркин, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, ЕО-ның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Мачей Мадалиньский, Deloitte серіктесі Елдос Сыздықов, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин, ExxonMobil Қазақстан бойынша басқарушы директоры Сесиль Раулин, Pfizer аймақтық директоры Дмитрий Козенков сөз сөйледі.
Көтерілген тақырыптарға Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев түсініктеме берді.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы ҚҚС қайтару аясында рекордтық 1,2 трлн теңге төленген. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты қайтару рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыратын жаңа ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіледі.
Отырысты қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов айтылған ұсыныстар мен бастамалар үшін алғысын білдірді. Қазақстан Үкіметі ашық диалог пен өзара үйлесімді іс-қимылға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.02.2025, 11:50 5336
Үкімет Президент тапсырмасымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтеді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты.
Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтілді.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралып жатыр. Осылайша, азаматтық қорғау туралы заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады, өндірістік бақылау стандарттары күшейтілуде, қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген.
Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін "Е-ӨҚК" ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.
Премьер-министр өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы бақылау тетігіне ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚМ және ЕХӘҚМ-мен бірлесіп, тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік нысандар меншік иелері мен басшыларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігі шараларын уақтылы қаржыландыру үшін жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен жұмыстарын талдау жүргізіп, бақылауға алуы қажет.
Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар министрліктері газдар шығарындыларымен байланысты тәуекелдерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыздандыру нормативтерін әзірлеуі қажет.
ЦДИАӨМ отандық IT-мамандармен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.02.2025, 11:13Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады 24.02.2025, 10:45 2391Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды24.02.2025, 09:43 1351"Трамадолды" рецептсіз сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі24.02.2025, 12:46 356Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді24.02.2025, 12:50 251Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу мүмкіндігінен айыру фактісі анықталды
17.02.2025, 14:04 165956Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 165206Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 165161Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 15:01 164991Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 18:18 161581ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді
13.02.2025, 08:03 266786ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 257891Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 204471Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 165956Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 165206Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды