23.01.2025, 18:41 5561
Металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған қолданыстағы тыйым 6 айға ұзартылды
Достарға айту
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен әкетуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қосылған құны бар өнім өндірудің, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.
Министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып табылады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.01.2025, 19:50 4981
Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда
Достарға айту
Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай - СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.
Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.
Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай - СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр.
Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.
Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 "Алматы қаласы аумағында стационарлық емес сауда нысандарын орналасу орнын анықтау және бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалада 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда нысандарында заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы хабарласа алады.
Сонымен қатар, қалада ретсіз сауда деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мониторинг нәтижесінде қаланың 49 жерінде ретсіз сауданың жаппай шоғырланған орындары анықталды (ірі базарлар, саябақтар мен алаңдардың маңында), бұл жерлерде 1,2 мыңнан астам саудагер заңсыз орналасқан. Ретсіз саудаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы ("Белгіленбеген орындарда сауда жасау") және 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. 2024 жылы полициямен бірлескен рейдтер барысында 1,9 мыңнан астам ретсіз сауда субъектісіне әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 19:03 4671
Сауда желілері картопты фермерлерден тікелей сатып алуға дайын
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктер, сауда желілері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілдерімен жиын өткізді. Жиында нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Айжан Бижанованың айтуынша, еліміздегі ірі сауда желілері, оның ішінде "Магнум", "Смолл", "Анвар" және "Дина", фермерлерден тікелей 1,5 мың тонна картоп сатып алу бойынша келісімшарт жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, сауда желілері өнімді шаруашылықтан өздері алып кетуге дайын.
Әкімдіктер өздерінің қажеттіліктерін, соның ішінде сауда желілеріне арналған көлемдерді көрсетуі қажет, бұл нарықтағы сұранысты жылдам қанағаттандыру үшін маңызды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен сауда нүктелері арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі.
Сондай-ақ ол азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды зерттейтін өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен бірге, бірінші вице-министр фермерлермен жұмыс жүргізуді, картоп пен басқа да өнімдердің көтерме бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелерін қарастыруды тапсырды.
Айта кету керек, биылғы жылы Сауда комитетінің өңірлік департаменттері 20 өңірлік комиссия өткізіп, оның нәтижесінде 49 заңбұзушылық анықталды. Олардың арасында картоптың әлеуметтік маңызы бар өнім ретінде сауда үстемесін 15%-дан арттыру фактілері тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 18:47 5206
Техникалық мамандарға арналған "Наурыз жұмыскер" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Достарға айту
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі "Наурыз жұмыскер" жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.
Биыл "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. "Наурыз жұмыскер" қазірдің өзінде белгілі "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.
Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна - таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.
Сондай-ақ "Наурыз жұмыскер" бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен "корпоративтік" өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.
Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық - бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу - қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді", - деді "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 11:43 17121
2024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 293,6 мың адамды құрады, бұл ретте өткен жылы 258,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 88,3 млрд теңге болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспапсөз қызметінен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі - МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 11:17 18156
Алматы облысның прокуратурасы өнер мектебінің жекеменшікке сатылып кетуінің алдын алды
Достарға айту
Алматы облысның прокуратурасы өнер мектебінің жекеменшікке сатылып кетуінің алдын алды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Прокуратура мемлекет мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарып, сот ісіне араласып, өнер мектебін мемлекет балансына қайтарды.
Жауапкер ретінде әрекет еткен заңды тұлға Қарасай ауданында (Қаскелең қаласы) жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын өнер мектебін заңсыз иемденуге тырысты.
Апелляциялық сот инстанциясы прокурордың аудандық соттың өнер мектебін заңсыз сату туралы шешімінің күшін жою туралы өтінішін қолдады, және мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қазіргі таңда ғимаратта жөндеу жұмыстары басталып, жақын арада 300-ден астам бала өнерге оқи алатын болады.
Аталған фактілер прокуратураның азаматтық істер бойынша соттарда заңдылықты және мемлекеттік ресурстарды қорғаудағы маңызды жұмысын айқын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 16:36 41646
Алматыда 2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды
Достарға айту
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Олардың 61,5 мыңы тұрақты екенін атап өту маңызды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қала әкімдігінің жұмысындағы маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Өткен жылдың 9 айында ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1% - ға өсіп, 470 мың теңгені құрады.
Өткен жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2% - ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6% - ға дейін төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Алматы индустриалды аймақта 485 млрд теңге сомасына 67 жоба іске асырылуда, мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 2,7 мың жұмыс орнын құрумен 197 млрд теңгеге 15 жобаны іске қосу жоспарлануда. "ИТП" АЭА-да 220 жұмыс орнын құрумен 31 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылуда. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, бұл 361 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Мегаполисте жылдық инфляция 7,5%- ға дейін төмендейді деп болжануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 16:35 41896
2025 жылы Алматыда 4 мың ШОБ жобасына 71 млрд теңге бөлінеді
Достарға айту
2025 жылы Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізілмек. Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.
Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 16:32 39211
Қазақстанда үш әуежайдың құрылысы басталды
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамыту үшін Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асыру аталған өңірлердің экономикасының дамуына серпін береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристердің келуіне ықпал етеді. Сондай-ақ жобалар жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар 2024 жылы ірі түйіндік хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен, Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу мүмкіндігі ұлғайды.
Мәселен, Алматы қаласы Халықаралық әуежайы жаңа терминалының өткізу мүмкіндігі жылына 2,5 млн-нан 14 млн жолаушыға дейін ұлғайды. Отандық авиакомпаниялар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan Қазақстанның 19 қаласына тұрақты ұшуды орындайды. Халықаралық әуе қатынасын әлемнің 26 елінде 50 бағыт бойынша 30 шетелдік авиакомпания орындайды.
Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының өткізу мүмкіндігі жылына 800 мыңнан 6 млн жолаушыға дейін. Жаңа терминал халықаралық әуе бағыттарының санын 10-ға, рейстерді аптасына 24-ке дейін арттырды. Джидда, Медина (КСА), Доха (Катар), Фукуок (Вьетнам) және Пхукетке (Тайланд) әуе қатынасы ашылды.
Қызылорда қаласының "Қорқыт Ата" халықаралық әуежайының өткізу мүмкіндігі жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін өсті. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласынан 25 ішкі рейс орындалуда.
Skyhansa" қазақстандық-германдық компаниясымен "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағында қуаты сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалын, сыйымдылығы 550 мың тоннаға дейінгі отын қоймасын, жүктерді 250 мың тоннаға дейін толық өңдейтін жүк терминалын салу, әуе кемелеріне қызмет көрсету авиациялық-техникалық орталық құру бойынша жоба іске асырылуда. Сондай-ақ 300-ден астам тұрақты жұмыс орынын құра отырып, халық үшін туристік және сауда, ойын-сауық қызметтерін дамыту жоспарланған.
Соңғы жылдары әуе көлігі жолаушылар үшін ыңғайлы әрі тартымды болуда. Мысалы, Қазақстанда жыл сайын әуе тасымалы 10-15%-ға артуда. 2024 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 15 млн-ға жуық адамды тасымалдады, әуежайлар 30 миллион жолаушыға, оның ішінде шетелдік авиакомпаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетті. 2024 жылы жүк тасымалы көлемі - жылына 28 мың тоннаға ұлғайды.
Отандық әуе тасымалдау жүйесін дамытудағы маңызды элемент ұшақтар паркін жаңарту. Ол жыл сайын 10-15 әуе кемесімен толықтырылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның авиапаркі 102 ұшақты құрайды.
Бүгінде Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша орнатылды.
Қазақстанның әуежайларында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жерүсті қызметінің мамандары алғашқы медициналық көмек көрсету, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сүйемелдеу бойынша тұрақты арнайы оқудан өтеді. Амбулаторлық көтергіштер, арнайы арбалар, көзі нашар көретіндерге арналған арнайы жолақшалар мен дыбыстық навигация жүйелері бар.
Еліміздің халықаралық әуежайларында ана мен балаға арналған бөлмелер, валюта айырбастау пункттері, пошта байланысы, сымсыз интернет бар. Сондай-ақ онлайн тіркеу процесін жылдамдату үшін бірқатар әуе компаниялары мобильді қосымшаларды енгізді. Көрсетілетін қызметтер барлық санаттағы азаматтар үшін сапаны және қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Жолаушылар әуе тасымалдары көрсеткішінің өсуі, маршруттардың артуы ішкі және шетелдік туризмді дамытады. Бұл ел өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Қазақстандағы авиация саласының дамуы, халықаралық танылымы ұшу қауіпсіздігіне байланысты. Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ды құрайды. Бұл - ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіш. Дания мен Польша сияқты Еуропа Одағы елдерімен салыстыруға келеді.
Бұл нәтижелер Қазақстандағы авиациялық туризмді дамытуға, сондай-ақ, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға және оның халықаралық аренадағы тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.01.2025, 11:17Алматы облысның прокуратурасы өнер мектебінің жекеменшікке сатылып кетуінің алдын алды 23.01.2025, 11:43 168062024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды23.01.2025, 12:25 6201Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды23.01.2025, 11:28 5841БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталды23.01.2025, 12:10 5541Қазақстанда 2024 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 870 тен астам қылмыс жасалған
17.01.2025, 11:51 101996Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1017612024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды17.01.2025, 11:17 819112024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді17.01.2025, 11:14 71356Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады17.01.2025, 11:11 71211Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды
30.12.2024, 17:17 154011Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 148156Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147826Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147341Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137261Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті