19.08.2021, 20:32 15973

Мишустин: біз бауырлас Қазақстанмен достықты бағалаймыз

НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин пандемияға қарсы іс-қимыл және вакциналарды бірлесіп өндіру мәселелерін қоса алғанда, қазақстан-ресей өзара іс-қимылының басым салаларын талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біз бауырлас Қазақстанмен арадағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Үкіметтеріміз арасындағы байланыстардың мазмұны терең. Бірлесіп жұмыс жасауға зор мүмкіндіктер бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында өзара тауар айналымы үш есеге артты. Жылдың соңына дейін сауда айналымынан өте жоғары көрсеткіштер күтеміз және оған барлық мүмкіндіктер бар, – деді Михаил Мишустин.

 
Ол инвестициялық бағытта да өзара табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ресей бизнесі Қазақстанның 32 ірі жобасына қатысуда, деп хабарлайды Ақорда.
 

Қазақстандық әріптестеріміз де Ресейдің жобаларына белсенді атсалысып жатыр", - деп атап өтті Ресей үкіметінің басшысы.

 
Тараптар аймақтар арасындағы байланыстардың оң қарқыны туралы да пікір алмасты. Бұл қатынастарға осы күзде Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумы тың серпін береді.
 
Тоқаев пандемияға қарамастан Ресеймен өзара сауданың қарқынды өсуін атап өтті. Оның айтуынша, 2021 жылдың алғашқы бес айында өзара сауда көлемі 26%-ға өсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны