17.01.2022, 17:01 46456

Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция басшысы қызметінен босатылды

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін Жасқайрат Қайыров атқарып жатыр.
Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция басшысы қызметінен босатылды
Сурет: pavlodarnews.kz
ПАВЛОДАР. 17 ҚАҢТАР - Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.
 
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін Жасқайрат Қайыров атқарып жатыр. 
 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Ол өзі қызметтен босату жөнінде рапорт берген", - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 
Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы ІІД бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарып отыр.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны