01.02.2022, 16:42 15281

Nur Otan Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді

31 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы бекітілді.
Nur Otan Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді
Сурет: nurotan.kz
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Кеше, 31 қаңтарда, партияның Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Nur Otan" партиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
 
1. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы
 
2. Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
 
3. Қошанов Ерлан Жақанұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
 
4. Саиров Ерлан Биахметұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
 
5. Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы – "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" АҚ Басқармасының төрағасы
 
6. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
 
7. Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
 
8. Зенченко Геннадий Геннадьевич – "Зенченко и К" КС директоры
 
9. Паули Элина Сергеевна – "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары
 
Бұған дейін Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің құрамы 55%-ға жаңартылғаны хабарланған болатын.
 
28 қаңтарда Елбасы - еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны