21.09.2022, 16:23 12941
Құны 5 миллиард теңгені құрайтын заңсыз басып алынған жерлер мемлекетке қайтарылды
Достарға айту
Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің мәліметінше, жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны және заңсыз берілгені үшін прокурорлар 109,5 мың гектар жер телімін қайтару бойынша қадағалау актілерін енгізген.
Оның 5 млрд-тан астам теңгеге 75 мың гектары қайтарылды.
- Қостанай облысында аудандық жергілікті атқарушы орган Жер кодексін бұза отырып, оған өкілеттігі болмаса да (облыстық деңгейдің ғана құзыреті) кадастрлық құны 12 млн теңге болатын 1 мың гектар жерді АҚ-ға берген. Бұдан бөлек, АҚ осы учаскеде жұмыс жүргізу барысында Су кодексінің 5-бабын бұзған (су объектілерін ұтымды пайдалану қағидатын бұза отырып "Кіші таңат" көлін құрғатқан), осыған орай құны 140 млн АҚШ долларынан асатын 7 млн тоннадан астам кен өндіруге АҚ алған экологиялық рұқсаттың да күші жойылды;
- Екібастұзда кадастрлық құны 102 млн теңге болатын жалпы ауданы 15,3 мың гектар пайдаланылмайтын жер учаскелері;
- Ақмола облысының Қосшы қаласында кадастрлық құны 600 млн теңгеден асатын 20 гектар жер учаскесі, ол 2005 жылы сауда-саттық рәсімін сақтамай, ЖШС-ның пайдасына заңды бұза отырып сатылған;
- Жамбыл облысының Сарысу ауданында кадастрлық құны 336 млн теңге 60 мың гектар жер учаскесі қайтарылды, ол сәйкес арыз және жерге орналастыру жобасын ұсынбастан ЖШС-ға заңсыз берілген.
Сонымен қатар Алматы облысында кадастрлық құны 140 миллион теңге болатын, заңсыз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 16 мың гектар жерді мемлекетке қайтару туралы бес қадағалау актісі енгізілді. Мысалы, Қарасай ауданында ЖШС 2006 жылдан бері кадастрлық құны 64 миллион теңге болатын 4 546 гектар ауыл шаруашылығы жерін пайдаланбаған. Бұл жерлердің бір бөлігі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалатын аймағында орналасқан", - деп қорытындылады Зейін Әліпбек.
Бұған дейін хабарланғандай, экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының үш айында мемлекетке келтірілген залал өтеліп, жалпы сомасы 523 млрд теңгеден астам активтер қайтарылды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.11.2024, 14:08 85251
Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда
Достарға айту
Үкіметтегі кеңесте вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстандағы астықты терең өңдеуді дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыратын инвесторлардың жағдайын тыңдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша үш зауыт жұмыс істейді. Іске асыру сатысында тағы 4 жоба бар. Жетісудағы "Жаркент крахмал зауыты" ЖШС жылдық қуаты 150 мың тонна жүгеріні қайта өңдейді; Алматы облысындағы "Азия-Агрофуд" ЖШС (60 мың тонна жүгері, крахмал, крахмал сірнесі және крахмал шәрбатын) және СҚО-дағы "Биооперейшн" ЖШС-250 мың тонна бидай (крахмал, глютен, биоэтанол, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем) өндіреді.
2023 жылы Қазақстанда барлығы 111 мың тонна крахмал өнімдері өндірілді. Бұл 27,7 мың тонна жүгері крахмалы, 2022 жылы бұл көрсеткіш 15,5 мың тоннаны құрады; 21,1 мың тонна бидай крахмалы, 2022 жылғы көрсеткіш 19,7 мың тонна болды; 51,8 мың тонна крахмал сірнесі, 2022 жылғы көрсеткіш - 57,3 мың тонна; 10,1 мың тонна глютен, 2022 жылы бұл көрсеткіш 10,7 мың тоннаны құрады", - деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
2023 жылы астықтан өңделген өнім экспортының көлемі едәуір өсті: жүгері крахмалы - 11,5 мың тонна (2022 жылы 9,3 мың тонна), бидай крахмалы - 15,7 мың тонна (2022 жылы 10,6 мың тонна), глютен - 6,9 мың тонна ( 2022 жылы 7,7 мың тонна), крахмал сірнесі - 19,4 мың тонна (2022 жылы 16 мың тонна). Өткен жылғы импорт 265 тонна бидай крахмалын, 4,2 мың тонна жүгері крахмалын, 8,1 мың тонна крахмал сірнесін, 76,1 тонна глютенді құрады.
2028 жылға дейін астықты терең өңдеу бойынша тағы үш жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазақстандық "Qostanai Grain Industry" ЖШС Қостанай облысында жылдық қуаты 415 мың тонна астықты терең өңдеу жобасын бастады. Кәсіпорын лизин, глютен, биоэтанол, көмірқышқыл газын шығаратын болады. Пайдалануға беру мерзімі - 2027 жыл, 650 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Түркістан облысында "Қазкрахмал" ЖШС крахмал өнімдерін өндіру үшін жүгеріні өңдеуді жоспарлауда. Қайта өңдеу қуаты - жылына 100-150 мың тонна. Пайдалануға беру мерзімі - 2026 жыл. 500 жұмыс орнын ашу көзделуде. Түркиялық Tiryaki Agro компаниясы Катарлық Hassad Food компаниясымен бірлесіп Астанада қуаты жылына 240 мың тонна астықты терең өңдеу бойынша жобаны бастады. Крахмал, глютен, глюкоза-фруктоза шәрбаты түріндегі соңғы өнімдерді әлемдік нарықтарға экспорттау жоспарлануда. Пайдалануға беру мерзімі - 2026 жыл. 250 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Қазіргі сәтте жалпы қуаты жылына 2 млн тоннадан асатын бидай мен жүгеріні терең өңдеу бойынша тағы төрт инвестициялық жоба бойынша келіссөздер жүргізіліп, пысықталып жатқаны айтылды.
Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанда өндірілетін астық көлемі барлық қолданыстағы және жаңа қуаттарды жүктеу үшін жеткілікті.
Мемлекет тарапынан астықты терең қайта өңдеу жөніндегі жобаларға, яғни технологиялық күрделілігі жоғары заманауи кәсіпорындар, ауқымды инвестициялық қолдау көрсетілуде. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді салу және кеңейту кезіндегі инвестициялық субсидиялар, негізгі және айналым қаражаттарына кредит беру кезінде пайыздық мөлшерлемені арзандату, салықтық преференциялар қарастырылған.
Серік Жұманғарин астықты терең өңдеу бойынша жобаларды іске асыратын кәсіпорындардың басшыларын тыңдап, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жобаның әрбір кезеңін уақтылы іске асырудың маңызын ескере отырып, вице-премьер ай сайын жоба жетекшілерімен кездесулер өткізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 14:04 85656
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Достарға айту
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әзербайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз - қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін "Жасыл стандарттарды" енгізуді жалғастырамыз", - деді Ержан Еркінбаев.
Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.
Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде "Гүлденген қауымдастықтар" атылымындағы жетістігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 14:00 85951
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді
Достарға айту
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес "KAZ" және "KZ" геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын белгілейді. Бұл кодтар интернет домендерінде, мемлекеттік құжаттарда, есеп беру құжаттарында және нөмірлерде кеңінен қолданылады. Олар ел ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін "KAZ" және "KZ" индекстері бекітілді.
KAZ" индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, "Астана - Көкшетау (айналма жолмен) - Петропавл - РФ шекарасы ("Жаңа жол" өткізу пункті)" бағыты KAZ02 болып белгіленді.
KZ" индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген "04" нөмірі - өңірді, ал "02" нөмірі - облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы "Меркі - Шу - Бурылбайтал" автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы "08" - өңірді, ал "04" - облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.
E" және "АН" сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалатын болады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді.
Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011402.
Жаңа индекстеу жүйесін әзірлеуді "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ жүзеге асырды.
Жаңа индекстерді ескере отырып, жол белгілерін жаңарту жоспарлы жұмыстардың орындалуына және тозған элементтердің ауыстырылуына қарай біртіндеп атқарылады. Бұл үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жұмыстар жолдарды күтіп ұстау шеңберінде жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 13:49 86651
Дмитрий Мун Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Астана қ. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығында сарапшы болып бастаған.
Әртүрлі жылдары "Қазпошта" АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары - Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.
2020-2023 жылдары - Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 13:44 86881
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды
Достарға айту
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған бұзушылықтар Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің білім беру ұйымдарына мониторингі барысында анықталды.
2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру нәтижесі көрсеткендей, 58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген. Бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкестендірді. Лицензиясыз қызмет жүргізетін мектептерге қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл беру туралы соттардың қаулылары шығарылды. Олар негізінен Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан.
ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс. Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдарында білім беру қызметімен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бастап туындайды. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс", - деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.
Лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті педагогикалық құрамның болуын, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуын, сондай-ақ білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды. Осы талаптарға сәйкес келмеу әкімшілік жаза қолдану мен қайталама бұзушылықтар болған жағдайда білім беру мекемесінің қызметін тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, мектептер бағыныстылығы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарауына жатады. Өз кезегінде аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқармаларының басшыларына бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ресми талап хаттарын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 12:03 89421
Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
Достарға айту
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында табиғатты қорғау полициясы Бостандық ауданы әкімдігінің қоршаған орта және экология бөлімімен бірлесіп, экологиялық талаптарды бұзған және абаттандыру ережелерін сақтамаған құрылыс нысанын анықтады.
Құрылыс алаңында қоқыс қалдықтарының шамадан тыс жиналуы және лас қоқысты рұқсатсыз тасымалдау фактілері тіркелген. Осыған байланысты учаске басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, болашақта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалдықтарды өңдеудегі экологиялық талаптардың бұзылуы туралы материал Алматы қаласының Экология департаментіне жолданды.
Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық бағдарламасы мен "Алматы - ортақ үйіміз" қалалық кампаниясы аясында қаланы абаттандыру және экологиялық талаптарды сақтау шаралары күшейтілген.
Жарқын күз" шарасы аясында 16 қыркүйектен бастап қалада абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзған 2 757 дерек тіркелсе, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2 232 хаттама толтырылды. Ірі көлемдегі қалдықтарды, сынған жиһаздарды, тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтарын жинақтаған 569 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматының табиғатты қорғау полициясы барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және қалдықтарды шығару ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі табиғаттың тазалығы мен денсаулығы әрбір адамның саналы әрекетіне байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:55 89776
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті
Достарға айту
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жиынға өңірдегі өндірістік, көлік-логистикалық, мұнай-газ компанияларының 100 қызметкері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты. Кездесу жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл міндеттерді өз Жолдауында сөз етіп, алдағы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады.
Слет аясында өндіріс саласында табысқа жеткен жандармен және компания басшыларымен мотивациялық кездесу өтті. Сонымен коучпен қатар қатысушыларға арналған стратегиялық сессия ұйымдастырылды.
Жастар өз ісінің мамандарымен байланыс орнатуға, өзекті тақырыптарды талқылауға және бастамаларын іске асыру үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:48 90306
ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.
Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.
Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.11.2024, 11:48ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді 22.11.2024, 11:55 88426Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 88071Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 13:44 85531Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды22.11.2024, 13:49 85301Дмитрий Мун Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
08.11.2024, 13:42 114966Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113221Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107396Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды07.11.2024, 17:05 100901Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 100436Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды