19.05.2022, 16:31 42811

Қорғаныс министрлігі соғыс жағдайында әрекет ете алатын бөлімшелер құрады

Қорғаныс министрлігі соғыс жағдайында әрекет ете алатын бөлімшелер құрады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - ҚР Қарулы Күштерінде Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша қайта форматтау жүргізілуде. Жауынгерлік бөлімшелер соның ішінде соғыс жағдайында іс-қимыл жасау дағдыларын меңгеруі тиіс, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы Қарулы күштерді қайта форматтау, олардың жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөнінде тапсырмалар берді. Осылайша, соғыс жағдайында да, дағдарыс ахуалында да әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер құрылуда", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

 
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов есептік кезеңде жауынгерлік даярлықтың қарқыны едәуір артқанын, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне қарап, әскерлерді қолданудың жаңа нысандары мен әдістері игеріліп жатқанын атап өтті.
 
Отырыс барысында Қарулы күштердегі әскери тәртіп пен құқық тәртібі, тылдық, техникалық қамтамасыз ету және әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қаралды. Одан басқа Қорғаныс министріне "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы шеңберінде өткізілетін қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдіру шаралары баяндалды.
 

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысушыларға қазіргі жағдайда мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі әскердің рөлі мен алатын орны назарда болуы керек деді. Қорғаныс ведомствосының басшысы Мемлекет басшысының бастамасымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдумның айрықша маңызды екенін атап өтті", - деді баспасөз қызметінде.

 
Алқа отырысының соңында Қорғаныс министрі 2022 оқу жылының жазғы кезеңіне арналған міндеттерді айқындады. Аса маңыздылар қатарында әскерлердің далалық дағдысын ұдайы жетілдіру, жауынгерлік даярлық деңгейін көтеру, Қарулы күштердің кадрлық құрамының техникалық жарақтандырылуы мен сапасын арттыру бар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны